6 мамыр 2024 жылдың, дүйсенбі

«З.О.Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақстан республикасы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Қызылөзен ауылы, Сисенбаев көшесі #1

Мұғалім жетістігі

⚜️Талантты ұстаз-дарынды балаларға⚜️

Мектепішілік «Талантты ұстаз – дарынды балаларға» тақырыбында педагогикалық олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиадаға қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Ж.Досмағанбетова, география пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Б.Тулепова, ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-модератор Д.Тағаниязова қатысты. Олимпиада 3 кезеңнен тұрды. Олимпиаданың негізгі мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдету. Сондай-ақ дарынды балаларды анықтау. Жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету. 
✅ І кезең: ашық сабақтар өткізу. Ашық сабақ өткізуге  пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, І тоқсанда білім сапасы төмен болған 9-сыныпты алуды жөн көрдік. Ж.Досмағанбетова 9-сыныпқа М.Өтемісұлының «Мен, мен едім, мен едім» өлеңіне, Б.Тулепова 9-сыныпқа «Қазақстанның ішкі суларының түрлері», Д.Тағаниязова «My country: Exercise and sport» тақырыптарында ашық сабақтарын әр түрлі әдістерді пайдалана отырып өткізді. Сабақтар оқу мақсатына жетті. 
✅ ІІ кезең: портфолиосын таныстыру. 

                                   

«Ең үздік медиатор мектебі» жалпы республикалық байқауының аудандық кезеңінде 8 сынып оқушысы Серікқалиұлы Ерқуат ІІІ орынмен марапатталды.

Жетекшісі: ДТЖО А.Қартбай


«Менің зерттеу жобам» облыстық байқауының аудандық кезеңінде педагог-психолог Дәметкен Базарбай ІІІ орынмен марапатталды.


В мұғалім жетістігі Аудандық «Алтын диск» сайысына мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімі Тлепова Жанаргүл қатысып ІІІ орын алды. Құттықтаймыз!


Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Изтилеуова Нургул «Шығармашыл мұғалім-2022» республикалық онлайн байқау ІІ орын, «Kaztest» онлайн олимпиадасы ІІІ орын, аудандық «Мағжан жыры» мәңгілік эссе байқауына қатысып ІІІ орын иеленді. Құттықтаймыз!


Аудандық «Менің зерттеу жобам» шағын жобалар байқауына мектебіміздің психологы Базарбай Дәметкен қатысып ІІ орын иеленді. Құттықтаймыз!


Мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тағаниязова Дана «Креативті мұғалім заман талабы» аудандық сайысынан ІІІ орын, «Шығармашыл мұғалім-2022» республикалық онлайн байқауы, аудандық «Тілші мұғалім » , «Казтест» онлайн республикалық олимпиадаларына қатысып  ІІІ орын  иеленді.


Оқуға құштар мектеп

«Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында 23-сәуір Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне орай 17-28 сәуір аралығында «Кітап - әлемнің жаршысы» атты онкүндік шаралары жоспар бойынша өткізілді. Онкүндік қорытындыланып, шараға қатысқан ұстаздар, оқушылар дипломдармен марапатталды. Кітап - адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықтарды сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына-кітаппен достығымыз үзілмесін! Кітаппен дос болайық!


1. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектебіміздің мұғалімдері марапатталды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Досмағанбетова облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, информатика пәні мұғалімі Қ.Туреева Түпқараған аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен және ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Қанжанова Түпқараған аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды. Әріптестеріміздің марапаттарымен құттықтаймыз.

2. “Математикалық прогрессия” облыстық олимпиадасының аудандық кезеңінде өзінің біліктілігімен, ойының ұшқырлығымен жақсы нәтиже көрсете білген “З.О.Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ математика пәні мұғалімі Қартбаева Камшат ІІ орынмен марапатталды. Құттықтаймыз!!!

12 қараша күні «Бастауыш сынып оқушыларының ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту арқылы шығармашылық ізденістерін қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинарда бастауыш сынып мұғалімі Т.Оразова шеберлік сынып өткізді.

Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «З.О.Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ