7 мамыр 2024 жылдың, сейсенбі

«З.О.Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақстан республикасы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Қызылөзен ауылы, Сисенбаев көшесі #1

Ардагер ұстаздар

 

 

Қомытов Ашығали

1. 1962 жыл – Мәдени-ағарту мекемелерінің республикалық басқосуының қорытындысында жоғары жетістікке жеткені үшін марапаты (Алматы)

2. 1978 жыл – Форт-Шевченко қалалық комитетінің «Құрмет грамотасы»

3. 1986 жыл – Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің «Құрмет грамотасы»

4. 1987 жыл – «Бүкілодақтық халық шаруашылығының байқауының лауреаты» медалі. (Москва)

5.1988 жыл – Бүкілодақтық Коммунистік жастар  одағының төсбелгісі «Комсомолдағы белсенді қызметі үшін»

6.1996 жыл – Түпқараған аудандық  мәсихаты шешімімен «Түпқараған ауданының  құрметті азаматы» атағы

7.1997 жылы – Түпқараған ауданы әкімі Ә.Қапуовтың  «Алғыс хаты»

8. 2001 жылы – «ҚР Тәуелсіздігіне 10жыл» мерекелік медалі.

9. 2002 жыл – Түпқараған ауданы әкімінің «Алғыс хаты»

10. 2005 жыл – «ҚР Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі ҚР Президентінің 2005 жылғы тамыздың 25-дегі жарлығы

11. 2007 жыл – Маңғыстау облыстық Ардагерлер кеңесінің «Алғыс хаты»

12. 2007 жыл – Түпқараған ауданы әкімі Б.Челпековтың «Алғыс хаты»

13. 2008 жыл – «Маңғыстау облысына 35 жыл» төсбелгісі

14. 2009 жыл – Қазақстан Республикасы Президентінің  2009 жылғы желтоқсанның 4-дегі жарлығы бойынша ҚР «Құрмет грамотасы»

15. 2011 жыл – Маңғыстау облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы»

16.2011 жыл- Маңғыстау облысы әкімінің «Алғыс хаты»

17. 2012 жыл - Түпқараған ауданы әкімі Т.Асауовтың «Алғыс хаты»

 

Ізімбергенов Көбеген 1950 жылы туған. 1958 жылы Жданов атындағы сегіз жылдық  мектептің 1 – сыныбына қабылданып, 1966 жылы бітіріп шыққан. Форт – Шевченко қаласындағы С.М.Киров атындағы орта мектепті 1968 жылы бітірген. 1969 жылы Жданов атындағы мектепте аға пионер вожатый болып бір жыл жұмыс жасаған. 1972 жылы бастап математика, физика пәндерінен сабақ беріп,  мұғалімдік қызметін бастаған. 1973 – 1975 жылдары Армия қатарында қызмет етіп келіп, бұрынғы мұғалімдік жұмысын жалғастырған. Мектеп орта мектеп құрылған жылдары  өндірістік оқу шебері (мастер) болып мектеп бітірушілердің ІІІ класс тракторист – машинист мамандығын алып шығуына атсалысқан. Сол кездегі шәкірттері қазір аудан, облыстың өндіріс орындарында сол мамандықпен еңбек етуде. Мектепке жаңа пән «Информатика және есептеу техникасы» келген кезде осы пәннен бастап сабақ берген. Мектепте ақпараттық технологияны енгізуге көп атсалысты. Мектептегі қоғамдық жұмыстарға, атап айтқанда, бастауыш партия ұйымдарының хатшысы, кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметтерін қосымша атқарған. 2009 жыл Облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы», 2013 жыл Аудан әкімінің "Құрмет грамотасы.

 

 

 

 

Итібай Бибіш Оразайқызы 1958 жылы 24 наурызда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Қызылөзен ауылында дүниеге келген. 1977-1982 жылдары Орал Педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдігі мамандығын оқып, білім алған. Өзінің ұстаздық қызметін 1978 жылдан Жданов атындағы мектептен бастаған. Бүгінде аты өзгерген З.О.Баймырзаев атындағы орта мектебінде қызмет етіп келе жатқанына 40 жыл болған ұстаз Итібай Б. өз ісінің майталман шебері деп атауға лайық. Осы уақыт аралығында ол өзін әр қырынан көрсете білген білікті мұғалім. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша түрлі байқаулардан жүлделі орындарға ие болды, шәкірттерін де түрлі байқауларға қосып бәйгенің алдында жүрді. Соңғы жылдардағы жетістіктеріне тоқталсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадасының «Алтын жүлдеге сай» нәтиже жеңімпазы І дәрежлі дипломымен, аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің олимпиадасында І орын, «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған қашықтықтан өткізілген ІІ Республикалық педагогтардың «Өнегелі ұстаз» атты сайысында І орын алып марапатталды. Оқушылары аудандық, облыстық шығармалар сайыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Сондай-ақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілетін пәндік олимпиадаларға жыл сайын оқушылары қатысып, жүлделі орындаға ие болып келеді. Атап айтар болсақ, Қ.Қартбаева ауданнан ІІ орын, облыстан ІV орын, Ж.Сағындықова ауданнан ІІІ орын, М.Базарқызы ауданнан ІІІ орын, А.Алдоңғарова ІV орынды иеленді. Итібай Б. күнделікті сабағында оқушыларға СКТ технологиясын қолдана отырып, пәнге қызығушылын арттыру мақсатында шығармашылықпен жұмыс жасап келеді. Осы әдісті қолдану мақсатында «Буын және оның түрлері», «Жүз жасаған бәйтерек», «Бір адамға» тақырыптарында мектепішілік семинарларда, апталықтарда ашық сабақтар өткізді. Мектепте гуманитарлық пәндер бірлестігіне, қазақ тілі мен әдебиеті кабинетіне жетекшілік етеді. Сыныптан тыс әр түрлі тақырыптарға байланысты, ақын-жазушылардың мерей тойларына байланысты әдеби кештер, апталықтар, сайыстар өткізіп тұрады. 2014-2015 оқу жылы бойынша ҰБТ қорытындысында оқушылары 100 пайыз сапа көрсетті. Бибіштің бірнеше мақалалары, әдістемелік жұмыстары, ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралары аудандық, облыстық, республикалық басылымдарға жарияланды. Бұл жеткен жетістіктері уақытында бағаланып, ауыл, аудан, облыс әкімдерінің, аудандық, облыстық білім басқармаларының, ҚР білім министрлігінің алғыс хаттары мен құрмет грамоталарына ие болды. Итібай Б. ұжым арасында сыйлы әріптес, шәкірттер арасында құрметті ұстаз.   

Марапаттары:

1. 2011жылы  Маңғыстау облысының «Құрмет грамотасы»

2. 2011 жылы Облыс әкімінің «Алғыс хаты»

3. 2015 жылы Маңғыстау облысы Білім басқармасының  «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаты»

4. 2017 жылы  Маңғыстау облысы Білім басқармасының  «Құрмет грамотасы»

5. 2019 жылы Аудандық Білім бөлімінің «Құрмет грамотасы»

 

 

 

Балғабаев Нағамадин Колбаевич – жоғары санатты технология пәні мұғалімі. 37 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан ағай 20 жыл педагогикалық қызмет атқаруда. Маңғыстау гуманитарлық колледжін технология пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. Сонымен қоса, З.О.Баймырзаев атындағы орта мектептің әсери жетекшісі, АӘД пәндерінің мұғалімі қызметтерін қоса атқарып келеді Балғабаев Нагамадиннің технология пәнінен әдістемелік тақырыбы-қазақ халқының ұлттық қолөнер бұйымдарын жасату арқылы оқушы дүниетанымын дамыту. Технология пәні оқушы іскерлігін,икемділігін дамытып қана қоймай,оқушыларды ұлттық құндылықтармен таныстыратын,болашақта  баланы өмір сүруге дағдыландыратын пәндердің бірі.Сол бағытта Балғабаев Нагамадин сабақ беру үрдісінде ұлттық педагогика дәстүрін жалғастырып жүр деп айтуымызға болады.

 Мұғалім жетістігі:

2013 жыл«Маңғыстау облысына 40 жыл» төсбелгісі

2014жыл Маңғыстау облысы әкімінің «Ең үздік әскери жетекші»  байқауында Мадақтама грамота;

2014жыл Маңғыстау облысының білім басқармасының технология пәні мұғалімдер олимпиадасында II орын;

2015жыл Маңғыстау облысы Қорғаныс істері жөніндегі комитетінің бастығының Алғыс хаты;

2015жыл «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» төсбелгі;

2015жыл Маңығыстау облысы Білім Департаменті «Құрмет грамотасы»;

2017жыл Маңғыстау облысы Қорғаныс істер жөніндегі Департаменті «Мадақтама грамота»

2020 жылы ҚР Ы.Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды.

Оқушы жетістігі:

2013 жылы «Зерде» Республикалық конкурсының облыстық кезеңі «Ерекше жетістігі үшін» 1 оқушы;

2016жылы Облыстық «Мерген Ару» мылтық ату сайысында қыздар командасы III орын;

2015жылы Облыстық «Сардар» кешенді олимпиадасының өңірлік кезеңінде «Ерекше жетістігі үшін» 1оқушы.

БАҚ материалдары:

2013жыл «Қазақстан ұстазы» журналында «Ағаш ою өнері»/ашық сабақ/;

2014 жыл «Маңғыстау» газетінде «ИЖ-38 Пневматикалық  винтовкасы»/ашық сабақ/;

2015жыл «Маңғыстау»газетінде «Бүгінгі ұрпақ- ертеңгі болашақ»/мақала/;

2015жыл «Ustazbol.kz» сайтында «Ағаш бөлшектерін қиюластырып қосу», «Сүйектен мұрындық жасау», «Жеке қорғаныс құралдары» / ашық сабақ/.

   

 

Тулесинова Таганбиби Туйешиевна01 қараша 1942 жылы Гурьев облысы Шевченко ауданы Қызылөзен жерінде дуниеге келген. 1948 жылы осы жердегі Жданов атындағы жеті жылдық мектептің бірінші сыныбына қабылданып, 1958 жылы Форт-Шевченко қаласындағы Киров атындағы орта мектепті бітірген.

Еңбек жолын сол 1958 жылдың 1 қарашасында Шевченко атындағы балықшылық калхозында кассир болып жасаудан бастаған.

1961 жылы ауылдық советтің депутаты болып сайланып, сол жылдың 1 желтоқсанынан бастапауылдық советтің хатшысы болып қызмет істеген.

1963 жылдың наурыз айынан бастап Жданов атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасқан.

1963 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтына қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түсіп,1968 жылы бітірді.

1965-1964 оқу жылынан бастап мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен.

1974 жылдың қыркүйек айынан бастап мектепте оқу істің меңгерушісі,1986 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған.

1997 жылдың маусым айынан бастап зейнеткерлікке шыққан. Еңбек еткен жылдары 1973, 1977 жылдардың Социалистік жарыс жеңімпазы белгісімен, 1980 жылы Қазақ ССР Оқу Министрлігінің Құрмет грамотасымен, 1988 жылы Қазақстан Республикасы Білім Министрлігі «Халық ағарту існің озық қызметкері» белгісімен, 1974, 1978, 1986,
1988 жылдары облыстық, қалалық оқу бөлімдерінің мақтау грамотасымен марапатталды.

       

Бектұрғанова Айкумис Актановна 1979 жылы М.Әбдіхалықов атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін1980-1981 оқужылынан бастап,З.О.Баймырзаев атындағы орта мектепте бастауыш мектеп мұғалімі,2004-2005 оқу жылынан бастап математика  пәні мұғалімі болып жұмыс жасады. Белгілі педагог А.Аманашвили: «Оқушылардың білімін арттыру,пәнге қызықтыру үшін жалпы алғанда, ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып,содан соң содан бастау керек» ,-дейді.Математика пәнін оқытуда материалды меңгерту үшін, жаңа технологиясын пайдалана отырып,оқушылардың өз бетімен ойлануына мүмкіндік жасайды.

Айкүмістің басты мақсаты өздігінен білім алып дами алатын жек тұлға қалыптастыру.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше дағдыландыру барысында Блум таксаномиясын да орынды пайдалана біледі. Білу,түсіну-базалық стандарт болып табылады.Қолдану тапсырмалары оқушылардың алған білімдерін, ойлап,толғап пайдалануды қажет етеді, оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіретін, талдау, бағалау.

Бір сатыдан екіншіге өту жүйесінің шекарасы сезілмейтіндей өте икемді болуы керек.Әрбір оқушының өз мүмкіндігінше қабылдау қабілетіне қарай оқу материалан меңгеруін қамтамасыз ете отырып,әртүрлі деңгейдегі оқушыларға зейін аудару,олармен дербес жұмыс жасауға мүмкіндік беретін технология ретінде Блум таксаномиясын өз тәжірибесіне енгізген.

2018-2019 оқу жылында мектеп бітірген түлегі Ерсайынов Мейрам Талғатұлы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің «Математика және физика пәнінің мұғалімі » мамандығына мемлекеттік грантта оқиды. 2020 жылы  апай зейнеткерлікке шықты.

 

Тойшыманова Асия Кенишбаевна 1959 жылы 11 желтоқсан Ақтөбе облысы Айтеке би ауданы Қарашатау ауылында дүниеге келген. 1977 жылы орта мектепті бітіріп, Ақтөбе педагогикалық институтына  түсіп 1981 жылы бітірді.

Марапаттары:

1.1988 жылы аудандық оқу бөлімі «Құрмет грамотасы»

2.1995 жылы ауыл әкімшілігінің «Құрмет грамотасы»

3.2000жылы аудандық оқу бөлімі «Құрмет грамотасы»

4.Аудандық олимпиада 2002 жылы Физика пәнінен жоғары көрсеткіштерге жеткен үшін аудандық білім бөлімінің ІІ дәрежелі дипломымен мараптталды.

5.2004 жылы Түпқараған ауданы әкімінің Валентина Чернова атындағы сыйлығымен марапатталды.

6. 2005 жылы желтоқсан айы Аудан әкімінің «Алғыс хаты»

7.2006 жылы аудандық білім бөлімінің ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

8. 2007 жылы тамыз айы аудан әкімінің «Құрмет грамотасы»

9.2007 жылы Облыстық білім бөлімінің «Ең үздік кабинет» Құрмет грамотасымен марапаталды

10.2008 жылы мұғалімдер білімін жетілдіру институтының физика кабинеті байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

11. 2008жылы АББ-нің кабинет байқауында І орын

12.2012 жылы мектеп директорының «Алғыс хаты»

13. 2012 жылы ҚР БжҒминимстрлігі «Дарын» орталығының «Құрмет грамотасы»

14.2013 жылы Маңғыстау облысының Білім басқармасының «Құрмет грамотасы»

15.2015 жылы Түпқараған АББ – нің «Алғыс хаты»

16.ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Алғыс хат»аудандық

17.2017 жылы Түпқараған аудан әкімінің «Құрмет грамотасы»

Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «З.О.Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ