7 мамыр 2024 жылдың, сейсенбі

«З.О.Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақстан республикасы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Қызылөзен ауылы, Сисенбаев көшесі #1

"Менің атым Қожа" повесінен сахналық көрініс

Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повесі - 1957 жылы жазылған, қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі.Повесть орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы осы кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. 6-сынып оқушылары Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай "Менің атым Қожа" повесінен сахналық көрініс қойды. Мақсаты - жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой - қиялына ерік бере отырып, өзінде ой түюге баулу. Мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту. Ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

укенгг
Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «З.О.Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ